Полиция Дана Орманбаеваның жазбасына қатысты іс қозғады

Алматы полициясы Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Алматы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д. Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады”, – делінген Алматы ПД хабарламасында.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Дана Орманбаева – публицист, продюсер.