Оралда екі ер адам бірнеше күн бойы су басқан саяжайда қалып қойған

Орал қаласында екі ер адам бірнеше күн бойы су басқан саяжайда қалып қойған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың мәлім еткеніндей, тәртіп сақшылары су басқан аумақтарды толықтай тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Соның нәтижесінде 2, 3-саяжай аумағын мұқият қарап шығу барысында 23 сәуір күні су басқан үйде қалған екі ер адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың кім екендігі анықталу үстінде. Осы оқиғаға орай қала тұрғындарына айтарым, егер саяжай аумақтарында қалған туыстарыңыз, таныстарыңыз болса, полицияға хабарласыңыздар. Құтқару жұмыстары бұдан былай да жалғасатын болады», – деді Н.Жалғасов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда саяжайдан құтқарылған иттердің қайда орналастырылғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз деп танылған 400-ге жуық үй қайта салынады.

БҚО-да құтқарушылар су ортасынан жылқыларды алып шықты.