Көрші мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскер Павлодарда анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодарлық жедел уәкілдер анықтау, тергеу органдары мен соттан жасырынған адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
– Мәселен, Павлодарда іздеуде жүрген көрші мемлекеттің азаматы анықталып, ұсталды. Анықталғандай 2022 жылдың қазан айында көрші мемлекеттің аумағында ер адам бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген. Ер адам құқық қорғау органдарынан қашып кеткен болатын. Қазіргі уақытта іздеу бастамашысына хабарланды. Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот төрелігінен жасырынған 50-ге жуық қылмыскерді іздестіріп, ұстады, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.