Көкшетауда полиция жол қозғалысы ережесін 24 рет бұзған жүргізушіні ұстады

Көкшетауда полиция жол қозғалысы ережесін 24 рет бұзған және айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде тәртіп сақшылары Nissan Primera көлігі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталды. Автокөлік бірден айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар Nissan Primera көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 8-9 наурызға қараған түні Осипенко көшесі1/1 мекенжайында жол апатына себеп болып, үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен.

13 наурыздан бастап Ақмола облысының аумағында “Борышкер” ЖПІШ өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара 31 наурызға дейін жалғасады.

Бұл іс-шараның мақсаты – төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен салықтар бойынша берешегі бар азаматтар мен көлік құралдарының жүргізушілерін анықтау, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы ескертеді.