Жасөспірімдердің түнгі серуені үшін 100-ден астам шымкенттік жауапқа тартылды

Өткен демалыс күндері мегаполистің ювеналды полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында рейд өткізді , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 140 баланы анықтады. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы ) сәйкес жауапқа тартылды.  Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 5 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы ) хаттамалар толтырылды. Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекстің 132-бабына (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру ) сәйкес айыппұл салынды.

Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.