Елордада тұрғынға мемлекеттік төлемді уәде еткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанада тексеріске келген мүмкіндігі шектеулі жан алаяққа алданып қалған. Алаяқ мемлекет тарапынан мүгедектерге берілетін сыйақыны алып беремін деген жолмен алдап, шамамен 1 млн теңге ақшасын өзінің банк карточкасына аудартып алады. Бұдан кейінде ол жәбірленушіден 150 мың теңге ақша беруін талап етеді. Оның әрекетінен күдіктенген қыз полиция қызметкерленіне хабарласып, алданғанын айтады.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқты ұстап, ақшаны өз иесіне қайтарады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.