Елордада дәмхананың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген 34 жастағы азаматты құрықтады.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі сағат 02:30 шамасында Алаш тас жолы бойында кетіп бара жатып, пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіргені белгілі болды. Күдікті кассадан 38 мың теңге сомасында ақша қаражатын және сусындарды ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Кафеге түскен ұрының іс-әрекеті қауіпсіздік камерасының жазбасына түсіп қалған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.