Астанада Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың соты өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Астана соты хабарлады.
“Иә, іс “өте құпия” санатына жатқызылды”, – деді Астана сотының баспасөз қызметі 2024 жылғы 19 шілдеде Zakon.kz тілшісіне.
2024 жылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.