Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады

“Айыптың мәні түсінікті… Кінәмді мойындамаймын. Айтайын дегенім, сотқа дейінгі тергеуде де, басқа жерде де өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндігім болмады. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған немесе дәлелденбеген. Тағы да айтамын, 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын”, – деді Бишімбаев.

Айта кетейік, бүгін, 27 наурызда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. 

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.