Бауырлас елдер байланысының биік белесі

Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз­ге алғаш рет са­пар­мен келген Джевдет Йылмазға ілтипат біл­діре оты­рып, бауырлас Түркия Қазақстанның стра­те­гия­лық серіктесі екеніне назар аударды.

– Бауырластығымыз өзара се­нім мен құрметке не­­­гізделген. Дип­ломатиялық қатынас орна­ған 35 жыл­ға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті ба­­ғын­дырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қар­қын­мен дамып келе жатыр. Арамызда ешқандай түйт­­кіл жоқ. 14 мамырда Пре­зи­дент Режеп Тайип Ер­доған елімізге мемлекеттік сапармен ке­леді. Са­пар аясында Стра­те­гия­лық ынтымақтастық кеңе­сі­нің кезекті отырысын өткізе-міз. Жаңа келі­сім­дерге қол қоя­мыз, – деді Мемлекет бас­шы­сы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Аста­нада Қа­зақстан Премьер-министрі және Түр­кия Вице-президен­ті­нің тең төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия қоры­тын­дысы екі елдің сан қырлы әріп­тестігін одан әрі жандан­дыра түсе­тініне сенім білдірді.

Джевдет Йылмаз қазақ елін­де көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айт­­ты. Сондай-ақ Президент Ре­жеп Тайип Ер­до­ған­ның сә­ле­мі мен ыстық ықыласын жет­кі­зіп, Түр­кия көшбасшысы Қа­зақ­станға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйы­мы­ның Түр­кістандағы бейресми сам­митіне ерекше мән бе­ріп отыр­ғанын мәлімдеді.

– Жоғары деңгейде қол жет­кізіл­ген уағ­далас­тық­тарды іске асыру аясында жаңа ғана Пре­мьер-ми­­­­нистр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкі­ме­тара­лық сауда-экономикалық комис­сия­­сының 14-отырысын өткіз­дік. Оның қорытындысы бойын­ша түрлі саладағы нақты шараларды іске асы­ратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойыл­ды. Бұл құжат алдағы кезеңге ар­налған сау­да-экономикалық ықпалдастығымыздың жол кар­тасына айналады, – деді Түркия Вице-президенті.

Джевдет Йылмаз жаңа Конс­титуцияны қабыл­дау бойын­ша жалпыұлттық рефе­рендумның та­быс­ты өтуімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өр­кендеуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы осы та­ри­хи сәтте бауырлас тү­рік хал­қының қолдауын сезінгенін, Түркиядан кел­ген байқаушылар референдумға ерекше атса­лысқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында екі ел­дің сауда-эко­но­ми­­­­калық, мә­дени-гуманитарлық ынты­мақ­тас­­ты­ғын нығайту перспек­тива­сы талқыланды. Соның ішін­де өң­деу өнеркәсібі, инфрақұры­лым, энер­гети­ка, логистика, аг­роөнеркәсіп кешені, білім жә­не туризм салаларында бір­лескен жобаларды жү­зеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джев­дет Йылмаз ха­лықаралық күн тәртібіндегі өзек­­ті мәселелер, Таяу Шығыс­тағы күрделі ахуал жө­нінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Түркия­ның аймақтағы тұрақ­тылықты қамтамасыз етудегі рөлін жо­ғары ба­ғалап, алдағы Анталия дипломатиялық фору­мына қа­тысатынын растады.