Ақтөбедегі жеке компанияның есепшісі 6 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, анасының банк шотына аударған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
“Диапазон” басылымының жазуынша, 51 жастағы ақтөбелік әйел жеке компанияға бас есепші болып жұмысқа орналасып, төрт айдан кейін ол жерден ақша ұрлай бастаған.
“Ол анасының банк шотына миллиондаған теңгенің бірнеше траншын аударды, есеп құжаттамасында бұл жеткізілген тауардың ақшасы екенін көрсеткен. Бірнеше айдың ішінде ол компанияның шотынан 6 миллион теңге ұрлаған. Анасы қызының әрекеті туралы білмеген, несиесін өтеу үшін оған банк карточкасын бергенін айтты”, – деп хабарлады басылым.
Сот үкімі шыққанға дейін бұрынғы бас есепші шығынның жартысына жуығын өтегенімен, бұл оны жазадан құтқара алмады.
Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ кенже баласы 14 жасқа толғанға дейін бір жыл мерзім берді.