Ақтөбеде полицей үйінде өлі табылды

Әлеуметтік желілерде Ақтөбеде полицей өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Тұрғылықты жерінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция мәліметінше, қызметкер бұған дейін ота жасатып, емделіп жүрген.