Қайғылы оқиға 23 наурызда сағат 13:00 шамасында Байғанин ауданының Ебейті ауылында болған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Төрт жасар бала еріген қар суына құлап, тұншығып опат болды, деп жазады “Диапазон” басылымы.
Оның қасында тағы бір бала – туысқан ағасы болған. Олар қар суы жиналған сайдың маңында ойнаған. Екінші бала – тірі. Ол арадағы су таяз, тереңдігі – 15 сантиметрге дейін, деп хабарлайды әкімдік.
Қайғылы оқиға үйден 150 метр қашықтықта болған.