Ақтауда 4 жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болды

Ақтауда төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатының терезесінен құлап кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz сайты оқиға куәгерлеріне сүйеніп жазатайым оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында 17-шағын ауданындағы «Дукат» тұрғын үй кешенінде болғанын хабарлады.

Бала жарақаттарынан оқиға орнында алған көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.