Ақмола облысының прокуратурасы азаптау ісіне қатысты ақтау үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Ақмола облысының прокуратурасы азаптауды қолданды деп айыпталған түзеу мекемесінің бұрынғы 12 қызметкеріне қатысты шығарылған ақтау үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы ведомство атап өткендей, 2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің үкімінің негізінде Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің “№1 мекеме” РММ-нің бұрынғы 12 қызметкер ақталды.

Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін айыпталған.

Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.

Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді.

Бұған дейін Қазақстанда азаптау фактісі бойынша 33 шенеунік жауапқа тартылғаны хабарланған.