Ақмола облысында көлікті пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 264 хаттама жасалды

Ақмола облысында биыл көлікті пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша 264 хаттама жасалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көктемнің жылы күндерінің жақындауына байланысты Ақмола облысында көлік жүргізушілері өзінің мемлекеттік нөмірінің тазалығын қадағалауға міндетті. Кез-келген жағдайда сериялар мен сандар оқылуы керек. Нөмірлері индикацияланбайтын автокөлікпен жүру, сондай-ақ жалған нөмірлермен жүру – заңның өрескел бұзылуына жатады.

– Егер сандар мен әріптер көрінбесе немесе нашар ажыратылса, құқық бұзушы жауапкершіліктен құтыла алмайды. Ережені бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті патрульдік полиция қызметкерлері.

Облыс орталығындағы Ғабдуллин көшесінің бойында полиция қызметкерлері LADA Granta көлігін тоқтатты. 20 метр қашықтықтан санды тану қиын болған жағдайда оқылмайды деп саналады. Мұның бәрі ластану дәрежесіне және жыл мезгіліне байланысты. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Жыл басынан бері оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе көзделген орындардан тыс белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 264 хаттама жасалғанын атап өткен жөн.

– Ауа-райына қарамастан, автокөлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісін таза ұстау керек. Бұл талапты бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, әсіресе жүргізушілер нөмірлерін әдейі ластаған кезде, – деп қосты полиция қызметкерлері.