Атырауда төленбеген 5 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

Атырауда төленбеген 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен ЖБО жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін, айыппұлдарын төлемей жүрген автокөліктерді анықтау мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр.

Мәселен, 28 наурыз күні сағат 21:15 шамасында ЖБО қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы соттың қаулысымен бағыттамада тұрған айыппұлы бар Toyota Ipsum автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Тексеру барысында автокөлік иесінің 5 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Атырау полицейлері жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.