7 наурызда мұз жарылып, Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірімді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері бірден байқап, дереу көмекке ұмтылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жеткізіп, оны өздерінің беліне байлап балалардың суға батып кетуіне жол бермеген.
“Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел-жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті”, делінген полиция хабарламасында.
Оқыс жағдайға тап болған жасөсіпірімдер жасты, яғни 2007 жылғылар екен.