Астанада түнгі клубтардың бірінде вейп сатқан жігіт ұсталды

Астанада түнгі клубтардың бірінде вейп сатқан жігіт ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында түнгі клубтардың бірінде электронды темекіні заңсыз сатқан жігітті ұстады

Тінту кезінде сегіз қорап электронды темекі тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігі шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.