Астанада полиция кассадан ақша ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды анықтады.
Көлік жуу мекемесінің әкімшісі полицияға хабарласып, бірнеше күн бойы болмаған кезде кассадан ақша ұрланғанын хабарлады. Бұған сол күні әкімшіні ауыстырып жатқан көлік жуу қызметкерінің қатысы бар болып шықты.
Тергеу барысында жас жігіттің жұмыс орнында жалғыз қалғанын пайдаланып, көлік жуу мекемесіне көрсеткен қызметі үшін 200 мың теңгеге жуық ақшаны алып кетуге шешім қабылдағаны анықталды.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.