Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды

Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың Алатау және Жетісу аудандарында оңай жолмен ақша табуды ұнататындар ұсталды. Алматы криминалдық полициясының мәліметінше, күдіктілер адам көп жиналатын жерлерде ұрлық жасаған.

Мәселен, жедел уәкілдер 141-ші бағыттағы қоғамдық көліктен 27 жастағы жігітті ұстады.
Ол жолаушының телефонын ұрлап кеткен. Оның екі әріптесі Жетісу ауданында ұсталды. Сонымен қатар олар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қамалған.

Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Күдіктілер қамауға алынды. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.