Алматының Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәйітті 26 маусымда таңертең сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп қалып, оқиға орнына полиция шақырған.
“Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жеке басы анықталған.