Алматыда психотроптық заттарды заңсыз сақтаған күдікті ұсталды

Алматы қаласында полицейлер “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікке ілінген азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікті тексеру барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 46 байлам табылды және тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 369 грамнан асатын мефедрон болып шықты. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.