Алматыда марихуана өсіретін фитозертхана анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен есірткі зертханасы анықталды. Ғимаратта тыйым салынған өсімдіктер – марихуана өсірілген. Тексеру барысында 17 түп қарасора, шамамен 400 грамм дайын марихуана, оралған байламдар, электронды таразылар мен заңсыз қызметте пайдаланылған болуы мүмкін ұялы телефон тәркіленді.
Алматы полициясы, азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген күдікті деректер туралы хабарлауға шақырады.