Алматыда биыл көлікті мас күйде жүргізген 197 азамат анықталды

Алматыда биыл көлікті мас күйде жүргізген 197 азамат анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ПД әкімшілік қамауға алынғандар үшін қабылдап-таратудан арнайы репортаж түсірілді. Мас күйде көлік жүргізгенді ұнататындар да осы жерде әкімшілік жазасын өтейді.

Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері Алматыда көлікті мас күйінде басқарған 197 адам ұсталған. Солардың бірі – алматылық Н.есімді азаматша. Ол осы ісі үшін өкінеді.