Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: біреуі қаза тапқан

Желіде Алматы тауларына шығып, қайта оралмаған үш жігітке қатысты ақпарат тарады. Қалалық ТЖД ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне бір әйел хабарласып, ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсанда таңертең тауға кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Оның сөзінше, жоғалғандардың ұялы телефондары 12 сағаттан аса уақыт бойы сөнулі болған.

Хабар түскеннен кейін ықтимал іздеу аумағына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, “Қазавиақұтқару” тікұшағы көтерілген. Әуеден шолуы барысында құтқарушылар “Тұйықсу” мұздығы, “Мыңжылқы” шатқалы және “Локомотив” шыңы аумақтарын тексерген.

Қазіргі уақытта тауда қалған тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Операцияға 50-ден астам адам қатысып жатыр, 7 техника, 4 дрон және 3 кинологиялық есептоп жұмылдырылған.