Алматы полициясы 3 тұрғынға ұрланған көліктерін қайтарды

Алматы полициясы 3 тұрғынға ұрланған көліктерін қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желі арқылы полицейлерге алғысын білдірді.

– Менің ұрланған көлігімді іздеуге қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымды білдіремін, – деді көлік иесі.

Криминалдық полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам үш ұрлыққа және екі пәтерді тонаған деген күдікпен ұсталды.

– Үш шетелдік автокөлік табылып, өз иелеріне қайтарылды. Күдіктінің екі пәтер тонауға қатысы бар екендігі белгілі болды: ұрлық жасамас бұрын ол бөтен адамдардың үйіне кіріп, көліктің кілтін ұрлап, кетіп қалған.

Күдікті қазір қамауда. Оның жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деп түйіндеді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.