Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Стоп-алаяқ ЖПІШ аясында Алматы облысының полицейлері халық арасында интернет-алаяқтықтың ауқымды профилактикасына бағытталған кезекті акцияны өткізіп жатыр. Азаматтарға барынша ықпал ету үшін барлық әсер ету құралдары қолданылады.

Тәртіп сақшылары ақпараттық буклеттер мен кітапшаларды тарату түріндегі дәстүрлі әдістермен шектелмей, дін саласының қызметкерін де тартты.

– Интернет-алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері түсетіні бәріне мәлім. Сондықтан біз діни қызметкерлерді тартуды шештік. Бұл жалпы азаматтар арасында ғана емес, қарттар арасында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кенесханұлы.

Тәртіп сақшылары имамдар мен діни қызметкерлерге қарт адамдарға ерекше назар аудара отырып, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері туралы азаматтарды ақпараттандыруға көмек көрсетуін сұрады.

– Алаяқтықты анықтау – көп еңбекті қажет ететін жұмыс, өйткені қылмыскерлер күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап тауып, жасаған заңсыз әрекеттерінің іздерін жасыруда. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы оны алдын алу және халықты ескерту,  – деп толықтырды Н. Кенесханұлы.