Алматы-Қонаев тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам мерт болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы әйел жүргізуші БМВ маркалы көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргіншіні басып кеткен және соққы салдарынан Мерседес-Бензе маркалы автокөлігіне соғылған. Соққы инерциясы нәтижесінде екінші көлік те өзге жаяу жүргіншіні соғып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де сол жерде қайтыс болды. БМВ көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматының қоғамдық көліктері соңғы 4 жылда мыңға жуық мәрте жол апатына ұшырағанын жазған едік.