Абай облысының полициясы өліммен аяқталған ЖКО фактісі бойынша тергеуді бастады, -деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 25 тамызда сағат 03:30 шамасында, Семей – Өскемен тас жолында Toyota Land Cruiser және Nissan Elgrand автокөліктері соқтығысқан.
Соқтығысу нәтижесінде 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты, зардап шеккен 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.