Абай облысында полиция интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 11 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарды

Абай облысында полициясы интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан бері Абай облысында 660 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Құқық қорғау органдарының жедел іс-қимылдарының арқасында 60-тан астам анықталған факті бойынша азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Алаяқтық схемаларын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Бұл нәтижелер зардап шеккен азаматтардың полициямен белсенді ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Уақытылы көмекке жүгіну жоғалған қаражатты қайтарудың басты факторы болып табылады.