1600-ден астам павлодарлық жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жазаланды

Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты төмендету қажеттігін еске салады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысына қатысушылардың ең көп және ең осал тобы – жаяу жүргіншілер.

– Жыл басынан бері Павлодар өңірінің аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 11 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті. 1695 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жазаланды, – деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған көлік құралының жүргізушісі жылдамдықты төмендетуге немесе өтпес бұрын тоқтауға міндетті. Осылайша жүргізуші жаяу жүргіншілердің жоқтығына және қозғалыс қауіпсіз екеніне толық көз жеткізуі керек.

Құрметті жүргізушілер! Жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда, жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберу үшін жылдамдықты көлігіңіздің толық тоқтауына дейін төмендетіңіз.

Бақыланбайтын жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүру ережесін бұзу салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелінен бұрын жылдамдықты азайтқанда ғана қол жеткізуге болады.