12 банка тәтті: полиция супермаркеттен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Павлодарда полиция супермаркеттен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрлаудың ең көп таралған әдістерінің бірі – дүкен ұрлығы. Өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі бойынша жұмыс істейтін сауда мекемелері көбінесе жосықсыз сатып алушылардың құрбаны болады.

Полицияға Бұқар Жырау көшесіндегі супермаркеттердің бірінің менеджері полицияға шоколадты паста банкасы ұрланғанын айтып, жүгінді. Бейнебақылау камераларына ұрлық сәті жазылған. Кадрларда ер адамның тәттілердің жанында қалай жүргенін көруге болады. Содан кейін, ол қолайлы сәтті пайдаланып, сөреден бір банка тәтті пастаны алып, пакетке салып, төлем процедурасын елемей, дүкеннен шығып кетеді.

Екі күн ішінде ол 12 банка тәттіні жымқырған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған адам шоколадты өзі жегенін мойындады. Ұсақ ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары сауда орталығының әкімшілігіне болмашы зат ұрланса да полицияға хабарлаған абзал екенін еске салды.