Ұлытау облысында қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қатысты тергеу аяқталды

ҚМА Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы “MetaGo” қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.

“Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Соталды тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 миллион теңгеден асты, сондай-ақ 37 миллион теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды”, – делінгн хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.