Қызылорда тұрғыны үйінің ауласына сора еккен

Қызылордада полиция қызметкерлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үйінің ауласына есірткі өсірген 54 жастағы қала тұрғынын Қызылорда полицейлері жедел шара барысында ұстады. Тұрғынның үйінен 34 түп сора өсімдігіне ұқсас шөп тәріздес зат дәлелдеме ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 3,6 келі сора өсімдігі болып шықты.

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.