Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 36 жастағы ер азамат Telegram месенджері арқылы  экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 4  жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.