Қызылордада өзгенің көлігін сатып, ақшаны қалтаға басқан тұрғын ұсталды

Қызылордада өзгенің көлігін сатып, ақшаны қалтаға басқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын айтып, полицияға арызданған. Әйелдің айтуынша, қыркүйек айында жергілікті тұрғын сеніміне кіріп, Lexus үлгісіндегі автокөлігін сатып беремін деп уәде беріп, көлікті иемденіп алған. Осылайша алаяқ қала тұрғынын алдап жүріп, автокөлігін сатып жіберген.

Алаяққа алданғандығын түсінген азаматша дереу полиция басқармасына арызбен жүгінді. Жәбірленушіге 5,6 млн теңге көлемінде шығын келтірілді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай 28 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Алаяқтық қылмысына күдіктелген облыс тұрғыны басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жай толық анықталады.