Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 24 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда полицейлері осы жылдың ақпан айында жас жігітті мөлтек аудандардың бірінде ұстады. Жүргізілген жедел шаралар басырында күдіктіден 13,53 грамм психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады.
Ұсталған жас жігіттің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған. Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады.
Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.