Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1330 жүргізуші анықталды

Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1330 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлері жаяу жүргіншіге жол бермеген 1330 жүргізуші жауапқа тартылды.  Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 600-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.