Қызылордада дрон арқылы жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды

Қызылордада дрон арқылы жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында жол апаттарының алдын алуда біршама рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, Тәуелсіздік данғылы бойында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып жұмыс жасады.

Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысының назарына жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер ілінді. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде 10-ға жуық жүргізуші анықталып, шара көрілді.

Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Бұл рейдтік-профилактикалық шара облыстың авариялық-қауіпті учаскелерінде алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Аталмыш шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң септігін тигізеді.