Қызылордада 32 жастағы ер адам оқ жарақатын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“1992 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Мәліметтерге қарағанда, оның жағдайы ауыр”, – деп жазды қолданушылар әлеуметтік желіде.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастағанын айтты.
“Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Айғақты заттар алынды”, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.