Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына түсіп қаза тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Талдықорған – Текелі автожолында болған жол апатына байланысты Nissan Maxima көлігіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы – қызметтік міндетін атқарып жүрген ішкі істер органдарының екі қызметкері оқиға орнында көз жұмды”, – деді Жетісу облысының Полиция департаменті.
Полиция департаменті қаза болған офицерлердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.