ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті

ҚР ІІМ  Ұлттық ұланының жауынгерлері  жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті, – деп хабарлайды  kazlenta.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда  5514  әскери бөлімінің  сарбаздары жол-көлік оқиғасының куәгері  болып ,  зардап шеккендерге  көмектесті.

Оқиға  21  қазанда кешкі уақытта Орманов  көшесінде болған .  Chevrolet  көлігінің  жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен .

Әскери жасақ бастығы   Мадияр  Мақанов  пен  патрульші сарбаздар қатардағы  Нұржігіт Әділханұлы , Айдын  Еркінұлы және  Тасқын Елеусізов аталмыш оқиғаға куә болды .

Ұландықтар уақыт жоғалтпай ,  бірден көмек көрсетті.  Әскери жасақ бастығы дереу оқиға орнына  жедел жәрдем  мен полиция  қызметкерлерін   шақырды .

– Біз дереу зардап шеккен  тұрғынға  алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық .  Жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен есін  жиды, –  дейді әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов .

Ұландықтардың жедел және кәсіби  әрекеттерінің арқасында ауыр  зардаптарға  жол берілмеді .  Жедел жәрдем  бригадасы келгенде әскерилер  тұрғынды  медицина  қызметкерлеріне тапсырды .