Қостанай облысында шекарадан заңсыз өткен шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл фактіні көші-қон қызметінің мамандары “Заңсыз келуші-2024” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықтады.
Өзбекстан Республикасының 54 жастағы азаматының құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның шекарадан заңсыз өткенін анықтады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін бір мың АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ел аумағынан бес жыл мерзімге шығарып жіберу көзделген,- деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ахметжанов.
Сондай-ақ ол “Заңсыз келуші” акциясының бірінші күні полицейлер өңірде көші-қон заңнамасын бұзушылықтың 60 дерегін анықтап, 4 шетелдікті ҚР аумағынан шығарғанын атап өтті.
47 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. 14 азамат ішкі істер органдарын шетелдік азаматтардың өздерінде болғандығы туралы хабардар етпегені үшін, 4 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар, тұрғын үй алаптарын, жатақханалар мен саяжайларды және пәтерлерді аралайды. Шетелдіктердің болуы мүмкін шалғай жерлерде, яғни, шаруа қожалықтары, алыс шалғындар мен дала стандарын тексеруге ерекше назар аударылады.