Қазақстанда ет бағасы шарықтады

Қазақстанда ет өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде айтарлықтай өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа өсім 18%-ды құраған.

Ең жоғары баға өсімі қой етінде тіркелді. Бір жылда 24,5%-ға қымбаттаған.

Сиыр еті де едәуір өсіп, шамамен 22%-ға артқан. Ал жылқы етінің бағасы 15%-ға көтерілген.

Сонымен қатар, шошқа еті 13,5%-ға, ал құс еті шамамен 11%-ға қымбаттаған.