ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Күдіктілер ұсталды – екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.