Ішкі істер министрлігі қара металды жақын және алыс шет елдерге контрабандалық жолмен әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған ұқсас схема Маңғыстау облысында жойылды. Онда компаниялардың бірі Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы қара металл жөнелтумен айналысқан. Өткен жылдың өзінде бұл компания 400 тоннадан астам металды елден әкеткен. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында ЖШС аумағында салмағы 420 тоннадан асатын қара металдың сынықтары, оның ішінде көрші мемлекетке жөнелтуге дайындалған екі контейнер табылды.