Астанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді.
Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс -қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді .
– Барлығы осындай 11 жабдық , сондай -ақ ноутбуктер , телефондар мен модемдер тәркіленді . Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim- қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды . Сотқа дейінгі тергеп -тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов .
Бүгінде интернет- алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрі болып саналады. Азаматтар әлі де қылмыскерлердің айласына түсіп қалып жатыр.
Қоңырау арқылы жасалған қылмыстың алдын алудың жолы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату, бөтен адамның айтқандарына сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің телефон арқылы, оның ішінде WhatsApp немесе Telegram көмегімен операциялар жүргізбейтінін естен шығармау қажет.