Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу және тоқтату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан криминалитетінің өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету фактісі бойынша алғаш рет сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау аясында тек ел ішінде ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, дәлелдемелер жинау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жалпы 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда.
Ұйымдасқан және трансұлттық сипаттағы қылмыспен күрес Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.