Іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды

Іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасымен жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды ұсталды.

Оған қатысты интернетті пайдалана отырып, діни экстремизм идеялары бар материалдарды тарату жайты бойынша көрші елде қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда, оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.